{{dataCart.txtYourCart}} ({{dataList.cartItems.length}})
{{dataCart.txtStock}}
{{item.attachment.productDisplayName || item.displayName}}
{{productType(item.attachment.skuSelectOptions)}}
{{filterStock(item.salesStatus, item.stockStatus)}}
x{{item.qty}} {{dataList.symbol}}{{item.originPrice}} {{dataList.symbol}}{{item.nowPrice}}
{{list.displayName}}
{{filterStock(list.salesStatus, list.stockStatus)}}
x{{list.qty}} {{dataList.symbol}}{{list.originPrice}}-{{dataList.symbol}}{{list.nowPrice}}
{{item.evaluateOrder.productName}}
-{{dataList.symbol}}{{item.evaluateOrder.tradeInDiscount}}
Total {{dataList.symbol}}{{dataList.subtotalPrice}}
You are {{dataList.symbol}}{{dataList.freeLimit}} away from free shipping.
{{dataCart.txtYourCart}} (0)
{{dataCart.txtSign}}{{dataCart.txtEmpty1}}
{{dataCart.txtEmpty2}}{{dataCart.txtYourCart}} ({{dataList.cartItems.length}})
{{dataCart.txtStock}}
{{item.attachment.productDisplayName || item.displayName}}
{{productType(item.attachment.skuSelectOptions)}}
{{filterStock(item.salesStatus, item.stockStatus)}}
x{{item.qty}} {{dataList.symbol}}{{item.originPrice}} {{dataList.symbol}}{{item.nowPrice}}
{{list.displayName}}
{{filterStock(list.salesStatus, list.stockStatus)}}
x{{list.qty}} {{dataList.symbol}}{{list.originPrice}}-{{dataList.symbol}}{{list.nowPrice}}
{{item.evaluateOrder.productName}}
-{{dataList.symbol}}{{item.evaluateOrder.tradeInDiscount}}
Total {{dataList.symbol}}{{dataList.subtotalPrice}}
You are {{dataList.symbol}}{{dataList.freeLimit}} away from free shipping.
OPPO VOOC Flash Charge технологиясы қуаттау жылдамдығы мен қауіпсіздігін келесі деңгейге шығарады.
2021 жылдың 22 шілдесі, ЧУНКИН. OPPO смарт құрылғылардың әлемдегі жетекші бренді, OPPO Flash Charge Open Day іс-шарасы аясында «What’s Next for Flash Charging?» тұсаукесерін өткізді, компания жылдам қуаттау технологиясының соңғы жетістіктерін ұсынды.
OPPO VOOC Flash Charge бас ғалымы Джефф Чжан: «VOOC Flash Charge технологиясы қуаттау жүйесінің элементтерінің әрқайсысындағы жаңартуға негізделген: желілік адаптері, кабель, PMIC элементі, аккумулятор және т.б.», - деді. «Адамдар сымсыз немесе сымды қуаттауды таңдай ма, VOOC Flash Charge технологиясы қазір өте қиын жағдайда да, электронды құрылғыларды қуаттауға келгенде көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті».
Қауіпсіз қуаттау: инновация қуаттауды қауіпсіз етеді
OPPO әрқашан жылдам қуаттау технологияларын дамытқан кезде тиімділік пен қауіпсіздікті басты орынға қояды. Компания қауіпсіздікті жақсарту үшін VOOC Flash Charge бес қабатты қауіпсіздік жүйесін ашты және одан да жаңа инновацияларды енгізу үшін жаңа материалдар, жасанды зерде алгоритмдері, қуаттау архитектурасы мен басқа факторларды қалай қолдануға болатынын зерттеп жатыр.
Кедергісі төмен сақтандырғыш – бес рет қорғалатын Flash Charge жүйесінің элементтерінің бірі болып табылады, ол шамадан тыс ток немесе басқа да ауытқулар болған жағдайда бірден өшіре алады, бұл батареяны физикалық түрде қуат көзінен оқшаулау арқылы қорғауға мүмкіндік береді. Сақтандырғыштың жаңартылған дизайны ішкі кедергіні төмендетіп, жүйенің қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Галлий нитридті (GaN) қосқыштары: OPPO өз смартфондарында GaN негізіндегі қосқыштарды алғаш қолдана бастады. Бұл қосқыштардың функционалдылығы дәстүрлі кремнийлі MOSFET қосқыштарымен бірдей, бірақ азырақ ауқымды алады. Сондай-ақ, бұл элементтердің кедергісінің төмен болуы және жоғары кернеуде жұмыс істеу қабілеті жылу өндіруді азайтуға, қуаттау тиімділігі мен оның сенімділігін арттыруға көмектеседі.
Ішкі жүйелі қос элементті құрылымы: қос элементті батареялар электр тогы мен жылу шығаруды азайта отырып, бірдей қуатты жібере алады. Ішкі жүйелі қос элементті құрылымы қосарланған батарея ұяшықтарын қауіпсіздіктің бірдей деңгейін қамтамасыз ете отырып, аз орын алатын жүйеде бір құрылымға біріктіру арқылы бұл тұжырымдаманы одан әрі алға жылжытады. Жаңа дизайн аккумулятор сыйымдылығын кем дегенде 5% арттыруға мүмкіндік береді.
Аккумулятордың зақымдануын анықтайтын чип: OPPO компаниясының жасанды зерделі алгоритмі бар патенттелген микросұлбасы аккумулятордың сыртқы зақымдануларының бар-жоғын анықтай алады, кернеудің төмендеуін нақты уақыт режимінде тани алады және осы мәліметтер негізінде аккумулятордың жұмысын әрі қарай реттейді. Егер кернеудің төмендеуі батареяның зақымдануынан туындаса, телефон пайдаланушыны ескертеді және қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады.
Құрама тоқ қабылдағыш: OPPO құрама тоқ қабылдағышы су жаңа құрылымы үйлесімді қауіпсіз батарея құрастырды. Батареяда алюминийдің екі қабаты арасына оралған жаңа композициялық материал қолданылады, бұл батареяның тек алюминийден тұратын әдеттегі дизайнына балама. «Көп қабатты» құрылым қосымша қорғаныс материалымен қапталған. Бұл батареяны сыртқы зақымданудан туындаған қысқа тұйықталудан қорғау арқылы оның қауіпсіздігін арттырады. OPPO зертханасындағы зерттеулер көрсеткендей, жаңа аккумулятор тесулер мен механикалық зақымдау тестісінен 100% сәтті өтеді.
Ақылды қуаттау: мінсіз тепе-теңдік үшін жылдамдық пен батареяның қызмет ету мерзімін оңтайландыру. Сонымен қатар, OPPO қуаттау жылдамдығын барынша қауіпсіз диапазонда ұстауға арналған жаңа ақылды қуаттау технологиясын ұсынды. Жүйе әр түрлі пайдалану сценарийлерін зерделі анықтауға негізделген қуаттау тоғын реттейді. Бұл сонымен қатар батареяның ескіру жылдамдығын азайтуға көмектеседі.
Ақылды қуаттау технологиясы батарея өнімділігінің бірнеше аспектілерін күрт жақсартуға мүмкіндігі бар, соның ішінде:
батареяның ұзартылған қызмет ету мерзімі: 65 Вт SuperVOOC технологиясы 1500 циклдан кейін батарея сыйымдылығын бастапқы сыйымдылығынан 80% дейін сақтауға қабілетті;
Белгілі бір жағдайларда қуаттау жылдамдығының жоғарылауы: қуаттау жылдамдығын аккумулятор кез келген уақытта қауіпсіз тұтынатын лезде болатын максималды қуат негізінде нақты жағдайларға байланысты арттыруға болады. 65 Вт SuperVOOC жағдайында ол жылдамдықты шамамен 20% арттыра алады, бұл қажет болған жағдайда 4500 мА*сағ батареяны 30 минут ішінде толық қуаттауға мүмкіндік береді;
қуаттау жылдамдығы мен телефон температурасын теңдестіру: технология әртүрлі пайдалану жағдайлары үшін оңтайлы қуаттау тоғы мен температураның кейінгі көтерілуі арасындағы ең жақсы тепе-теңдікті таба алады. Құрылғыны еш қиындықсыз жылдам қуаттау кезінде қолдануға болады.
Төтенше жағдайларда қуаттау: ең төменгі температурада да VOOC Flash Charge тамаша жұмыс істейді
OPPO VOOC Flash Charge-ды мүмкіндігінше қауіпсіз және зерделі жүйеге айналдырады. Алайда компания төтенше жағдайларда да жылдам қуаттау технологиясын оңтайландыру жолдарын қарастыруда. Мысалы, өте суық жағдайда литий-ионды аккумуляторды қуаттау қиынға соғады, ал батареяны күштеп қуаттау тіпті қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін. OPPO өте төмен температурада батареяны қуаттаудың оңтайлы температурасын анықтау және процесті бастамас бұрын температураны жоғарылату үшін зерделі алгоритмдерді қолданады. Сынақ нәтижелері батареяның температураны бірнеше ондаған секунд ішінде -20 ℃-тан 10 ℃ дейін көтеруге қабілетті екенін көрсетеді, бұл оны қалыпты жағдайда қуаттауға мүмкіндік береді.
2014 жылы VOOC Flash Charge пайда болғаннан бастап қауіпсіздік, тиімділік және қолданудың қарапайымдылығы аккумуляторлар мен қуаттау технологиялары бойынша компания зерттеулерінің негізгі үш бағытына айналды. 2021 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша, OPPO тез қуаттау технологиясымен байланысты 3000 -нан астам патентке өтінім берді. VOOC Flash Charge қолданатын 30-дан астам құрылғылардың арқасында бұл жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз қуаттауды бүкіл әлем бойынша 195 миллионнан астам адам қолданады.
2021 жылы OPPO өзінің The Flash Initiative атты жаңа жобасын іске қосты. Ол патенттелген VOOC технологиясын автомобильдерге, қоғамдық орындардағы қуаттау нүктелеріне енгізуге және көптеген құрылғылардың ішіндегі чиптерді қолдануға бағытталған. Интернет дәуірінде OPPO Flash Charge технологиясы қолданушыларды кез келген жерден, кез келген құрылғыны қуаттауға мүмкіндік беретін, кез келген жағдайда жақсы жұмыс істейтін қуаттаудың жаңа буынымен қамтамасыз ету үшін дамып келеді.